6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер
Орталық коммуникация қызметі мен «Қазконтент» АҚ-мен бірлесіп өткізген жиынға Астана қаласымен қатар, ел өңірлерінен ғаламтор арқылы пайдаланушылар тікелей қатысып, портал өкілдеріне өздерін қызықтырған сауалдарын қойып жатты.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жаңа ақпараттық порталды ашудағы мақсат – ғаламтор пайдаланушыларға «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы жедел жаңалықтар мен эксклюзивті талдамалар ұсыну.
«Қазконтент» АҚ басқармасы сайтты жеке қаражаты есебінен құрды. Порталды тың деректермен толықтырып отыру үшін жаңа сайт жеке тілшілер штатымен қамтамасыз етілген. Жаңа порталдың тағы бір артықшылығы мұнда кез келген ғаламтор пайдаланушы өзіне қажетті жаңалықтармен, «Қазақстан-2050» стратегиясының іске асырылу барысы және стратегияда айтылған бағыттардың ілгерілеуі жайлы эксклюзивті талдаулармен таныса алады», - деді «Қазконтент» АҚ Басқармасының төрағасы Айдос Қыдырма.
Естеріңізге саламыз, бұдан бұрын да айтқанымыздай портал бейне және фотоматериалдар қорымен толықтырылып отырады.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі