30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Бүгінгі күні ғалымдар антибиотиктерді балаларға ерте жастан беретін болса алдағы уақытта соның салдарынан салмағы ұлғайып, май басуға ұшырайтындығын дәлелдеп отыр. Зерттеушілер антибиотиктер ішек жолдарының бактериялар құрамына кері әсер етіп, ағзаның дамуын өзгертеді дейді.
Бұл гипотезаны нақтылау үшін Мартин Бласер бастаған микробиологтардың тобы жаңа туылған тышқандардың ішетін суларына антибиотиктер қосып бере бастаған. Тышқандарды өсіретін антибиотиктерді берген тышқандарды күнделікті қара сумен сусындандырған тышқандармен 7 апта өткеннен соң салыстырғанда олардың салмақтары әлдеқайда жоғары екендігі анықталған.
Алайда тышқандардың ішек жолдарындағы бактериалардың саны сол қалпы қалып, тек олардың құрылымы ғана өзгерген. Антибиотиктерді қолданудың нәтижесінде ағзада колорияны көбейтетін Firmicutes тобындағы бактерилардың тобының саны артқан.
Тышқандарға жасалған тәжірибенің адамға қалай әсер ететіндігін анықтау мақсатында Бластер 1991-1992 жылдары Ұлыбританияда туылған 11 мың баланың туылғанда антибиотик берілгендерімен салыстырғанда олар кәдімгі балалардан 10, 20 және 38 айлығында салмақтары ауыр болған.
Алайда Потсдамның Тамақтану Институтының микробиологы Майкл Блаут бұл зерттеудің нәтижесіне сенімсіздікпен қараса, стэндфордтық Университеттің микробиологы Дэвид Релман сараптаманың нәтижесі негізсіз деп жариялап отыр.
Не дегенімен дәрігерлер антибиотиктерді балалардың еміне аса сақтықпен қолдану қажеттігін ескертеді.
Baq.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды