24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыБарлық журналистік шығармалардың негізі – дерек болып табылады. Дерек – бұл орын алған оқиға. Деректер ақпараттың негізі болып табылады. Деректер: нақты, таза шындыққа құрылған, қоғамдық мәнге ие және қарапайым қасиеттерге ие болуы тиіс.
Деректерден ақпарат қалыптасады:
Ақпаратты қабылдау стереотипінің үш сатысы бар:
Ақпараттық жанрлар «телеграфтық стльдегі» нақты деректердің нақты уақыт контекстінде мазмұндалатын, ақпаратты тасмалдаудың ерекше әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Ақпараттық жарнларға жататындар: хроникалық ақпарат, кеңейтілген ақпарат, қысқа жазба, есеп, эпистолярлық жанр, сұхпат және репортаж.
Хроникалық ақпарат – не? Қашан? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді және 2-15 жолға дейінгі көлемге ие болады. Ресми және ресми емес газеттердің бірінші-екінші жолақтарында басылады. Хроникалық ақпараттың тілі – әдеби, стилі – құрғақ, ресми сарында жазылады.
Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме – бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері:
Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкер және тағы басқалар болуы мүмкін.
Қысқа жазба – журналистикадағы ең ескі жанр. Хроникалық және кеңейтілген ақпараттан қысқа жазба авторлық прзициясымен ерекшелінеді. Өйткені оның негізі – оқырманның хаты болып табылады. Егер ақпаратта уақыт факторы маңызды болса, қызқа жазбада әртүрлі уақыт өлшеміндегі деректің өзі маңызды.
Ілікпе сөз – бұл қандай-да бір сөз сөйлеуге қысқаша сезімдік лебіз. Ілікпе сөздің негізгі қасиеті көңіл болып табылады.
Эпистолярлық жанр – бұл оқырмандардың хаттары, журналистиканың белсенді жанрларының бірі. Хаттар барлық кезең мен дәуірде, журналистиканың пайда болуының алғашқы күндерінен бастап барлық материалдардың негізі болды. Эпистолярлық жанр түрлері: ұсыным-хат, өтініш-хат, сұрақ-хат, жауап-хат, ашық-хаттағы басқа болып бөлінеді.
Меңдігүл Шындалиева
«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?