Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары
17 елден келген 40-қа жуық қатысушы мәдени мұраны сақтау ісіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Конгрестің соңғы күні Құрманғазы Сағырбаев атындағы аймақтық орталықта өтті. Қонақтарды Қазақстан Республикасының Астрахандағы консулы Асхат Сыздықов қарсы алды. Құттықтау сөзінде ол ұлттар мен ұлыстарды мәдениет біріктіреді деп атап өтті.
«Музыка, әсем әндер арқылы халықтың жан-дүниесін, ұлттық ерекшеліктерін байқауға болады. Бүгін біз сіздерге қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылығын таныстыруға тырыстық. Конгресс Еуропа мен Азия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түседі деп сенемін», - деді ол.
Конгресс қатысушылары Құрманғазы мұражайын ерекше атап өтіп, «Шашу», «Беташар» секілді қазақтың ұлттық салттарымен, қазақтың декоративті қолданбалы өнерімен танысуға мүмкіндік алды.
BAQ.KZ
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады