24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды2020 жылы Олимпиаданы Токио өткізеді. Жапония астанасы екінші дауыс беру кезеңінде Ыстамбұлдан көп дауысқа ие болды. Осындай шешім Буэнос-Айрестегі Халықаралық олимпиада комитетінің 125-ші сессиясында қабылданды. Бірінші дауыс беру кезеңінде Мадрид айналымнан шығып қалған болатын, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
ХОК-нің жиналысында 103 мүше мемлекеттің 98-і дауыс берді. Тек олимпиада өткізуге ұсыныс берген елдер мен комитет президенті Жак Рогге ғана дауыс бермеді.
Алғашқы дауыс беру кезеңінде үш қаланың ешқайсысы да мүше елдердің тең жарымының дауысына ие бола алмаған. Бір қызығы Стамбул мен Мадрид тең ұпайға ие болған еді. Екі үміткер қала тағы да дауысқа салынып, Мадрид кем дауыс жинады.
Токио өте жинақы инфрақұрылым ұсынды, сонымен бірге олимпиада нысандарының арасының жақын болғаны да көпшіліктің көңілінен шықты. Жапондықтан ХОК мүшелеріне «Фукусима-1» АЭС-ның астанаға әсері жоқ, Токиодағы радиация деңгейі қалыпты деп сендірді. Сонымен бірге, Токио қауіпсіздігі жоғары қалалардың бірі.
Естеріңізге сала кетсек, Токио 1964 жылы Олимпиада өткізген болатын.
bnews.kz
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?