Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары
«Отбасы. Ұрпақтардың әлеуметтік әділеттілігі» деп аталатын халықаралық конференция Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында өтіп отыр. Шарада ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, шығармашылық интеллегенция, денсаулық сақтау және ғылым, білім беру саласының өкілдері бас қосты. Сондай-ақ көрші мемлекеттер Ресей, Беларусь және Литвадан арнайы әйелдер делегациясы келді.
«Республикалық әйелдер кеңесі» ҚБ өткізіп отырған шара отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Онда саяси, заңнамалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер қозғалып, қоғамдағы жанұяның орны мен отбасылық құндылықтар жайлы айтылуда.
Еске сала кетсек, 8 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн әр жылдың қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін болады. Осыған орай биыл елімізде түрлі мерекелік шаралар өткізілмек.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады