Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары
Бүгін елордада күннің суық болғанына қарамастан барлық алаңдарда концерттік бағдарламалар өтеді, мерекелік сауда қызады.
Әкімдік алдындағы орталық алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттер саябағында» халықтық серуендер өтуде. Мереке күні елорда тұрғындары мен қонақтары отбасыларымен бірге демалады. Аталған іс-шаралар сағат 10.00 -19.00 өтеді.
Жастар үшін сағат 18.00-21.00 әкімдік алдындағы орталық алаңда қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен би кеші өтеді.
Бұдан басқа, сағат 11.00 «Көктал» тұрғын үй алабында мерекелік концерт, ал Орталық паркте Жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен аула клубтарының фестивалі ұйымдастырылады.
Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қоладуымен спорттық іс-шаралар өтеді.
Таңертең әкімдік алдындағы орталық алаңда басталған мектеп жәрмеңкесінде мектеп жабдықтары мен киім-кешектерді төмендетілген бағамен сатып алуға болады.
Мерекелік іс-шараларды өткізуге халықтың барлық топтары тартылды. Атап айтқанда, еліміздің және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан қоғамдық және жастар ұйымдары, этномәдени орталықтар, саяси партиялар мен қала тұрғындары.
astana.kz
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады