12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (ҚазҰАУ) Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай «Болашақ кілті-білімде» салтанатты шарасын өткізеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
«Шараның басында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы, оның ҚазҰАУ- ға келген кезі туралы фильм көрсетіледі. Барлық мерекелік шаралар «Елбасы - Мақтанышым, Бәйтерегім» ұранымен өтеді», - деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.
Салтанатты шара 2012 жылғы 28 қарашада сағат 17:00- де өтеді. Жүздеген өнерпаз Президентке арнап өнерлерін ортаға салады. Концертке студенттермен қатар оқытушылар, қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. ҚР Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге Парламент Мәжілісінің депутататтары, Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекеттік қайраткерлер, білім, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер