6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Республиканың жеті сенат депутаты мерзімінің аяқталуына байланысты орындарын босатады. Олардың қатарында Ғани Қасымов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Жылқышиев, Александр Судьин, Оралбай Әбдікәрімов және Юрий Цхай бар.
ҚР Конституциясының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен парламент сенатына жаңа депутаттар сайланды. Олар Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Серік Нөгербеков, Нұрлан Оразалин.
Мемлекет басшысы жаңа жұмыстың қаншалықты жауапты екенін депутаттарға жеткізді. Енгізілетін заң жобаларын егжей-тегжейлі зерделеу, конструктивті пікірталастар жүргізуге қабілетті болу және үнемі ел мүддесін көздеу қажет екендігін тілге тиек етті. Жаңа тағайындалған депутаттар өздеріне сенім артқаны үшін президентке алғыстарын білдіріп, Қазақстан азаматтарының өмірін жақсарту үшін сенаттың заң шығару қызметіне белсенді түрде атсалысатынына уәде етті.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі