1941 — Жапонияның Пёрл-Харборға шабуыл жасауы.
Спитак қаласында (Армения) болған жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні (1988).
Жер асты сілкінісінің күші эпицентрде 10,5 баллға жетті. Спитак қаласы түгелдей, Ленинакан қаласы жартылай қирап қалды. Ресми мәлімет бойынша, 50 мыңға жуық адам қаза тауып, 12 мың адам жарақаттанған, 400 мың адам баспанасыз қалған. Армян халқының қасіретіне КСРО құрамында болған барлық республика үн қатып, жан-жақтан қол ұшын берді. Шет елдерден де материалдық көмек келіп жетті.
Отан үшін қаза болғандарды еске алу күні. Кубада куба халқының ұлттық батыры Антонио Масеоның қаза болған күніне орай атап өтіледі. Аталмыш күн 1896 жылдан бері аталып өтіледі.
Алматы ресми түрде 2017 жылғы Бүкіләлемдік 28-қысқы универсиада астанасы болып жарияланды.
Клод-Луи Гальен Алматының 2017 жылғы қысқы Универсиада өткізуге кандидатурасын жанжақты қолдаған, өйткені бұл қалада мұндай халықаралық спорт жарыстарын өткізуге үлкен мүмкіндіктер жасалған.
2012 жылы Ақтөбедегі планетарийде Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел сайлаған дара шың — Елбасы» атты мерекелік шара өтті.
7-желтоқсан - Һижри жыл санауы бойынша жаңа жыл.
2011 жылы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» ХДП-ның Төрағасы, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс XIV съездінде партияның «Қазақстан. Мақсаттар-2017» атты сайлауалды тұғырнамасының жобасы талқыланды. Елбасы айқындаған бұл құжатты «Қазақстанның 2020-жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» мен «Қазақстан-2030» стратегиясының нақты кезеңдерге сәйкестендірілген құрамдас бөлігі деп қарауға әбден болады.