30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБілім беру сапасының қызметі педагог кадрлардың біліктілік деңгейіне тікелей байланысты. Республика бойынша мектептердегі жоғарғы және бірінші санатты педагогтар саны 138 031 адам (47,3 %). Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
2013-2014 оқы жылына республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде 292 064 педагог бар. 2012 жылы жалпы саны 8200 жас педагог мектептерге орналасса, 2013 жылы олардың саны 9645-ке артқан.
Астана және Алматы қалалық және облыстық білім басқармаларының деректеріне сүйенсек, қазіргі кезде тағы 1934 маман (өткен жылы 1076 педагогқа сұраныс болған), оның ішінде ауылдық жерлерде – 1776 педагог қажет. Математика пәнінен – 193, химия – 84, ағылшын тілі – 76, физика – 77, бастауыш сынып – 102 және т.б. мұғалімдерге қажеттілік бар.
Baq.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды