6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҒылыми-практикалық конференцияға әлемдік деңгейдегі танымал түркітанушылар, ғалымдар мен дипломаттар қатысуда. Конференция барысында түрлі тақырыптық көрмелер таныстырылды.
Атап айтқанда, «Түркі әлемінің құжаттар шежіресі» көрмесінде Семей қаласының Абай мұражайының «Сирек қолжазбалар қорынан» алынған кітаптар, Оңтүстік Қазақстанның әмбебап кітапханасы мен ШҚМУ кітапханасының кітаптары қойылды. Ал «Алтай-Ертіс кітапханасы» көрмесін Пушкин атындағы кітапхана таныстырды.
Өңір мұражайы түркі әлемінің өнері, тарихы мен археологиясынан сыр шертетін бірегей экспозициясын жұрт назарына ұсынды. Алтай табиғатының флорасы мен фаунасы «Алтайдың ғажайып табиғат әлемі» көрмесінде таныстырылды.
Еске сала кетсек, бүгін түстен кейін Өскеменде ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, ҚР Журналистика академиясының президенті, профессор, тарих ғылымдарының докторы Сағымбай Қозыбаев, Ыстамбұлдағы Mimar Sinan университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның қатысумен баспасөз мәслихаты өтеді.
ҚазАқпарат.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі