Ресей (гр. Ρωσία — Русь; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс. Россия, қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ ) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қазақстандық әскерилерге арналған әскери киімнің жаңа үлгісінің таныстырылымы өтті.
Әскери киімнің жазғы, қысқы үлгілері жоғары сапалы «рип стоп» матасынан тігілген. «Бұл мата су өткізбейді, қыртыстанбайды, өңін сақтап тұрады. Оның құрамына 8 миллиметрлік тор түрінде полиэстер жібі әдіптелген, сол арқылы ол жыртылудан сақтайды. Жазғы киімнің матасы дененің дем ала алатындай етіп тігілген. Етіктер түркиялық технологиялар арқылы өңделеді. Оның сапасына 24 ай кепілдік берілген. Біз бұрын киімнің сапасыздығы үшін, сарбаздарға алты ай сайын етік беріп тұрсақ, қазір осы киім үлгілері енгеннен соң бір жылға бір етік қана береміз, деп ойлап отырмыз. Соның негізінде, жаңа киім 20-30 пайызға қымбатырақ болса да, Қорғаныс министрлігінің әскери киімге, киім жабдықтарына жұмсайтын қаржысы үнемделетін болады.