14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?
Өткен демалыс күндері Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлады BNews.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.
Турнирге қала студенттері қатарынан 100-ден астам дебатер қатысты. Пікірталас британ парламенттік форматы бойынша қазақ және орыс лигасында өткізілді.
Пікірсайыс кезінде көптеген маңызды ұсыныстар жасалып, мысалдар келтіріліп, тақырып толығымен ашылды.
Сайыс нәтижесі бойынша, қазақ лигасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Оратор» дебат клубының «Көк бөрі командасы» жеңіске жетті. Орыс лигасында Назарбаев Университетінің «BlackSabath» командасы жеңді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды, ал ең үздік командаларға «Бірлік Кубогы» бас сыйлығы тарту етілді.
Турнирді ұйымдастырған ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Еркін дала» қоғамдық қоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Оратор» дебат клубы.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды