6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШотлондиялық «Селтиктің» бас бапкері Нил Леннон «Шахтермен» болған мачтан кейінгі баспасөз-мәслихатында осылай деп мәлімдеді.
«Бұл кездесуде жеңіліс тапқанымыз өкінішті. Сіздердің қақпаларыңызға гол соғуға мүмкіндіктер аз болған жоқ. Алайда оның қисыны мүлде келмеді»,-деп қынжылысын білдірді.
Дейтұрғанымен, Нил Леннон 27 тамызда «Шахтер» мен «Селтик» арасында өтетін қарымда кездесуде өз командасының жеңіске жететініне сенім білдірді.
«Тартыс әлі тарқаған жоқ. Сондықтан Шотландияда өтетін қарымда ойында есемізді қайтаруға тырысамыз»,-деді.
Бас бапкер журналистердің «Селтиктің» жеңіліс табуына не себеп болды деген сауалына: «Біріншіден, командаға жинақылық жетіспеді. Бұл жауапты мачқа тас-түйін дайын болғанбыз. Алайда сәттілік серік болмаған сыңайлы»,-деп қысқа қайырды.
Ал, Нил Леннон «Шахтердің» көрсеткен өнеріне қатты таң қалмағанын, алайда, «кеншілер» командасы өздері күткендей сапалы ойын үлгісін көрсеткенін, қазақстандық жанкүйерлердің өз жерлестерін тік тұрып қолдаулары нағыз футболды көрсетті деп атап өтті.
Индира БАЙҚОНЫСОВА
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі