15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгін «Ақжауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің құрылған күні.
Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен 2003 жылы 20 тамызда «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрі құрылды. Шығармашылық ұжымның алғашқы концерті 2004 жылғы наурыздың 21-інде Конгресс-холл сахнасында өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, танымал композитор Секен Тұрысбеков. Оркестр дирижері Қазақ КСР-інің халық әртісі, Халық қаһарманы, дирижер-композитор Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті, доцент Қарасай Сайжанов. Оркестр «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылық фестивалінің, «Дарын» сыйлығының және «Жігер» фестивалінің лауреаты болған. Оркестрдің репертуарында Секен Тұрысбековтің «Ақ жауын», «Ақжүніс», «Салтанат», «Жазғы қар» т.б. күйлері бар. Аталған оркестр «Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында еліміздің ьарлық өңірлерінде концерттер берді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады