6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық спортшы Маргарита Мұқашева Мәскеуде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 800 метрге жүгіруде жартылай финалға өте алмады,деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.
27 жастағы қазақстандық спортшы өз тобында 2 минут 2,6 секунд нәтижемен 7-ші орынға табан тіреді. Ал бұл топта американдық Бренд Мартинез 800 метрді 1 минут 59,39 секундта жүгіріп өтіп, үздік нәтиже көрсеттті.
Айта кетерлігі, М.Мұқашева биылғы универсиада ойындары барысында 800 метрді 1 минут 58,96 секундта жүгіріп өткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадан XIV әлем чемпионаты Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтуде. 10 тамызда басталған жарыстар 18 тамызда аяқталады.
ҚазАқпарат
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі