27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіҚарағанды облысы, Қарқаралы ауданында Қазақстан Республикасының жастар арасындағы Көкпардан - ІХ чемпионатының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Baq kz тілшісі.
Оның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Б.Тілеухан, Қарағанды облысының әкімі Б.Әбдішев, Қарқаралы ауданының әкімі Х.Мақсұтов, Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Р.Сәттібай қатысты.
Чемпионатқа еліміздің 8 облысы: Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан командалар келді. Жалпы команданың саны – 10.
«Арқа төрінде ұйымдастырылып отырған чемпионат ұлттық ойындарымыздың жандануының бірден бір көрінісі. Ұлттық ойынға қызығушылық танытып, ат үстінде шеберлік танытып келе жатқан жастарға алғысымды білдіріп, жеңіс тілеймін»-деді Б.Тілеухан.
Чемпионат 17 тамызға дейін жалғасады. Жеңімпаздар ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қаржылай жүлдесіне ие болады. Жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен өткізіліп отырған чемпионатқа ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы 2 130 000 теңге көлемінде қаржы бөлген.
Чемпионатты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қарағанды облысының әкімдігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы