15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары«Тексерістер мен мониторинг жұмыстары кезінде Беларусь Мемлекеттік стандартының инспекторлары украиндық өнімдердің сапа, қауіпсіздік және маркалау талаптарына сәйкестігіне көңіл бөледі», - деп атап өтті ведомство басшылығы.
Ресей Roshen конфеттерін тасымалдауға 29 шілдеде тыйым салды. Ресей тұтынушыларын қадағалау қызметінің басшысы Геннадий Онищенко өнімнің құрамынан бензопирен канцерогені табылғанын мәлімдеді. Дегенмен, кейіннен кондитерлік өнімдердің сыннан өтпей қалуына «азық-түлік өнімдерін маркалау талаптарының орындалмауы – этикеткада көрсетілген өнімдердің тамақ құнары туралы ақпаратпен сәйкес келмеуі» негізгі себеп болғаны анықталды. Осылайша, Ресей Федерациясының кеден органдары Roshen компаниясының кондитерлік өнімдерін ел аумағына кіргізуге тыйым салып отыр.
Беларусь Мемлекеттік стандарттау комитеті тексерістердің алғашқы нәтижелерін таяу күндері жариялауы мүмкін. Алайда соңғы шешім украиндық кондитерлік өнімдерге өз алдына жеке тексеріс жүргізіп жатқан Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгеннен кейін қабылданады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады