6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТабиғат ең ұлы суретші ғой. Табиғат ананың қылқаламынан туған қазақтың дархан даласы да бояуы қанық, шебер суреттелген. Ұланғайыр атыраптың о шеті мен бұ шетін адақтап шықсаңыз, көрікті мекендер жетерлік. Тек оны байқай білу қажет.
Міне, тұмса табиғаттың сұлулығын, сондай-ақ даламыздың тарихи ескерткіштермен астасып жатқан көркем көрінісін мүлт жібермей, суретке түсіріп алған жандардың арасында «El.kz» әлеуметтік желісі «Қазақстанның 7 кереметі» атты фотобайқау жариялаған болатын. Екі айға созылған байқауға осы уақытқа дейін 24 жұмыс келіп түсіпті. Байқауға қатысушылар күмбездер мен мазарлар, балбал тастар, сарқыраған өзендер, қорықтар мен киелі орындарды суретке түсіріп, бізге ұсыныпты.
Байқаудың аяқталуына небәрі бір апта қалды. Сондықтан сіздерді осы байқаудан құр қалмай, белсенділік танытуға шақырамыз.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі