6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 17 мыңдай қызылордалық қатыстырылған.Мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуеті төмен елдімекендерден 130 отбасы көшіріліп, 138 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Биыл бағдарламаның барлық бағытын жүзеге асыру мақсатында 6,5 млрд. теңге бөлінді. Қаладағы №13 кәсіптік-техникалық мектепті 1994 жылы тәмамдап, аспаз-даяшы мамандығын меңгерген Марфуға Тәшімоваға сол уақыттан бері орнықты жұмыс бұйырмаған. Жеке қоғамдық тамақтану орындарында нәпақа тапқан азаматша 5 жылдан бері жұмыссыз ретінде тіркеліп, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде балабақшаға жіберілді. Әлеуметтік келісімшарт мезгілі аяқталғанымен, саусағынан бал тамған Марфуғаны бөбекжай басшылығы тұрақты қызметке қалдырды.
Марфуға ТӘШІМОВА, қала тұрғыны:
- Мен біраз уақыт жұмыссыз жүрдім. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Нұр-Зере» балабақшасына орналасып, жұмыс істеп жатырмын. Жұмысым өзіме ұнайды. Айлық еңбекақым уақытылы қолыма тиеді. Бағдарламаға өте қуаныштымын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі