15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАстанада хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жалауын көтерді. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі халықаралық турнирге жергілікті «Барыспен» қатар, Ханты-Мансийскінің «Югра», Хабаровскінің «Амур» және Чеховтің «Витязь» командалары қатысуда.
Жарыс шымылдығы «Витязь» бен «Югра» арасындағы ойынмен ашылып, чеховтік ұжым 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан кейін, айдынға «Барыс» пен «Амур» хоккейшілері шықты. Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде талай рет иық тіресіп, бір-біріне дес бермейтін қарсыластар, жанкүйерлерді тартысты ойын өрнегімен қуантуға тырысты. Дегенмен, «Барыстың» хоккейшілері Хабаровскіден келген командаға қонақжайлық танытпады. «Барыстың» жаңа бас бапкері Ари-Пекка Селиннің шәкірттері «Амурдың» қақпасына жауапсыз 8 шайба салды. Найджел Доус хет-триктің авторы атанса, Дастин Бойд, қос Константин Пушкарев пен Руденко және Талғат Жайлауов, Дмитрий Упперлер бір-бір голдан соқты. Қазақстан Президентінің Кубогы жолындағы жарыс 13-ші тамызға дейін жалғасады.
Baq.kz
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады