6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПриурал археологиялық экспедициясы жұмысының нәтижесінде бай заттық материалдармен бірге көмілген әйел адамның бейіті табылды.
Орынбор үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, атап айтқанда 100-ден астам алтын әшекейлер табылған, олардың арасында алтын сапты қола айна, шытыра моншақ, сүйектен жасалған қасық, қоңырау және алқа түріндегі алтын шашақтар және басқа да көптеген құнды жәдігерлер бар.
«Табылған олжа Орынбор губернаторлығының тарихи-өлкетану мұрайжайының коллекцияларын толықтырады және жақын арада орынборлықтар мен облыс орталығының қонақтары көре алады», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Еске сала кетейік, І Филипп қорған-бейіті Орынбор облысының Елек ауданында Жайық пен Елек өзендерінің тоғысында орналасқан. Онда ХХ ғасырдың басында археолог С.И.Руденко, кейіннен кеңестік кезеңде белгілі сармат зерттеушісі К.Ф.Смирнов зерттеулер жүргізген.
ҚазАқпарат.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі