Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәскеуде алғаш рет өткізіліп отырған Абай оқуларына танымал ресейлік және қазақстандық жазушылар және астанада тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Шара Чистопрудный бульвардағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің резинденциясындағы пікірсайыспен жалғасты.
«Біз бүгінгі оқиғаға ресейлік жазушылар қатысып отырғанына қуаныштымыз, болашақта, Абай оқуларын жыл сайын өткізіп тұрмақпыз», - деді, ақын, қазақ диаспорасының белсендісі Тұрсынай Оразбаева.
Пікірсайыс барысында ұлы ойшыл шығармаларынан үзінділер оқылды. Абай Қазақстан мен Ресей арасындағы достықтың негізін қалағандардың бірі болғаны айтылды.
Ресейлік жазушылардың айтуынша, оның ықпалы қазақ шығармашыл ойының дамуындағы бетбұрысты кезең болды. Абайды еске алу күні, Қазақстанда ғана емес, Ресейде де атап өтілетін елеулі мереке. «Абай шығармалары орыс оқырмандарына да жете таныс. Әдебиеттің үздік өкілдерінің тереңнен тамыр тартқан байланыстары біздің мәдениеттеріміз бен халықтарымыздың өзара бір-бірімен байланысы әріде жатқанын білдіреді»., - деді ресейлік жазушы Иван Сабило.
Шараны Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәскеулік «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп өткізді.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей уезінде Қасқабұлақ жайлауында өмірге келген.
ҚазАқпарат.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары