Ахат Сенорович Аширов ( 8.5.1970, Павлодар қ.) – дзюдодан халықаралық класстағы спорт шебері (1997).
Азия чемпионатында қола және күміс жүлдегер, Атлантадағы Олимпиада ойындарының (АҚШ, 1996) қатысушысы.
Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар қаласы) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980 жыл), [[КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы (), Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті.
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген.
Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993).
Марат Төлегенұлы Жыланбаев 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Фрунзе атындағы кеңшарында туған. Қазақ. Әкесі - Жыланбаев Төлеген Нығманұлы. Анасы - Жыланбаева Қаден. Қазақстан-ресей университеті Гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген (2005), экономист. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Діни көзқарасы - атеист.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық және өркендеу».
Хоббиі - желкенді спорт, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи жанр.
Үйленген. Жұбайы - Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы (1974 жылы туған), кәсіпкер. Ұлы - Рүстем (1988 жылы туған); қыздары - Айдана (1994 жылы туған), Азия (1998 жылы туған), Анөля (2003 жылы туған).
Уикипедия