27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіБейсембаев Серікбай (27.12.1912, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы – 20.12.1989, Алматы қаласы) – тарих ғылым докторы (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1975).
Ғылыми мақалалардың, монографиялардың, оқу құралдарының авторы, көпшілік документалдық материалдардың құрастырушысы және редакторы. Саясат мәселелерін, мемлекеттік құрылыс пен халықтардың достастығына арналған ғылыми еңбектердің негізін қалаушы.
Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы,«Қазан революциясы», Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжанов (7.3.1927 жылы туылған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – геология-минералогия ғылым докторы (1992), профессор (1992), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген барлаушы геологы (1970). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) бітірген. Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясының отряд бастығы, бас геологы (1951–1961), Қазақ геофизика тресінің бас геологы, бас инженер (1961–1973), Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зертхана институтының директоры (1973–1997), 1987 жылдан «Казнедра» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1994–1998 жылы «Геология и разведка недр Казахстана» журналының редакторы болды.
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның геологиясы мен жер қыртысының терең қойнауларын кешенді зерттеуге, металл шикізаты кен орындарының геологиясына, металлогенияға, кен орындарын іздеудің геохимиялық әдістеріне, салалық геология ғылымдарының дамуына арналған. Қазақ КСР-і (1972), КСРО (1984) Мемлекеттік және Қ.И.Сәтбаев атындағы (1991) сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Уикипедия
27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы