Архив

Конституция күніне арналған Қазақстан тарихы туралы ең үздік бейне таңдауға бағытталған байқау жалға

09.08.2013 09:00

Конституция күніне арналған Қазақстан тарихы туралы ең үздік бейне таңдауға бағытталған байқау жалғасуда. Шығармашылық сайыстың ұйымдастырушысы болып табылатын Kaztube.kz бейне-порталына 5 үміткер өз жұмыстарын жүктеп, сайт пайдаланушыларының назарына ұсынған болатын https://kaztube.kz/kz/video/event/9. Мұнда көрермендер бейнероликтерге дауыс беру арқылы үздік бейнені анықтайтын болады.

Байқау шарты бойынша 5-7 минуттан аспайтын "Қазақстанның белгілі тұлғалары", "Қазақстанның аймақтары",  "Қазақстан тарихы" тақырыптарындағы бейнероликті Kaztube.kz порталына жүктеп, "Қазақстан тарихы" бөліміне салыңыз. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, үздік авторларға арналған бағалы сыйлықтары бар.  Байқау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.  Байқауға қатысу шарты туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып білуге болады: https://kaztube.kz/kz/news/99.

Оқи отырыңыз