6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМал ұрлаймын деп жүріп, өзінің сыбайласын өлтіріп алды. Барымташылардың қылмысы Оңтүстік Қазақстанның Төлеби ауданында тіркелді.
Түнделетіп ішімдіктен біраз сілтеген 37 мен 24 жастағы азаматтар көршінің қорасындағы жылқыны ұрламақшы болыпты. Олардың бірі кіші калибрлі және шолақ мылтықтар ала шыққан екен. Қоңсының жылқысын жетектеп бара жатқанда, мал иесі шығып қалып айғайға басады. Ізін суыту үшін шүріппені басқан жігіт ағасы өзінің серігін байқамай өлтіріп қойған. Осыдан кейін, жолдасының мәйітін ауыл маңына тастап, қаруды жақын маңға көміп кеткен. Дегенмен барымташы алысқа ұзай алмады. Қамауға алынған күдікті қазір қылмысын толықтай мойындады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі