15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары
«Өркениеттен шалғайда өмір сүру идеясы оған кездейсоқ келген жоқ. Соңғы 20 жылда Францияда тұрғын үй дағдарысы өршіп , пәтер бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Яннің кредит алғысы келмеді де, ол тығырықтан осылай жол тапты», – деп жазады өз досы туралы блогер Дидар Қошаманов yvision.kz платформасында.
Адель мен Яннің саяхаттап жүргеніне бір жыл болды және жолшыбай Қазақстанға да келгенде Янн кәдімгі киіз үйді көріп, өз Отанында осы тектес үй «салғанын» айтқан.
Саяхатшының айтуынша, Францияда көп адам киіз үй жайында біледі. Ол тіпті ыңғайлы пәтерден көшпелілердің баспанасына көшуге дайын біраз адамды танитынын айтқан. «Мен үшін киіз үй еркіндіктің нышанындай, – дейді Янн. – Одан соң, мұнда бір ғана дөңгелек бөлме бар екені қатты ұнайды. Менің достарым қуана-қуана маған қонаққа келеді».
Яннің киіз үйі Альпінің етегінде орналасқан. Қатал қыстан қорғану үшін ол киіз үйге пеш орнатып, ішкі қаптаманы су өтпейтіндей етті.
bnews.kz
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады