15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыӨткен жылы Румыниядағы Бран сарайы 2 миллион еуро пайда тапты. Оның 1,2 миллионы ғимарат иелерінің қалтасында қалып отыр. Айта кетейік, көпшілікке граф Дракуланың сарайы деген атпен танымал осынау нысан патшалық Габсбургтер әулетіне тиесілі.
Тарихи сарайды былтырғы жылы 500 мыңға жуық турист тамашалағанн. Олардың қатарында Голливудтың Кевин Костнер, Николас Кейдж, Кьюба Гудинг сынды әйгілі жұлдыздары да бар. Сондай-ақ, ғимарат ішінде бірқатар фильм эпизодтары түсіріліп, салтанатты кештер өткізілген.
Бран XV ғасырда Румыниядағы Брашова қаласының маңында тұрғызылған. Дракула атымен белгілі князь Влад Цепешь бұл сарайға бір-ақ рет тоқтапты. Дегенмен, 1898 жылы жарық көрген Брэм Стокердің "Дракула" романында аталған ғимараттың вампирлермен тікелей қатысы бар деп жазылған.
Бірнеше жыл Румынияның меншігінде болып келген Бран сарайы кейін сот шешімімен Габсбургтер әулетіне қайтарылды. Өйткені оның құрылысын патша отбасы өз қаражатына жүргізіпті.
baq.kz
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады