15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары
Ол тарихшыларға бұған дейін «теориялық бағыттың жетіспегендігін» айтып отыр.
«Мемлекеттік хатшының баяндамасы көтерген мәселелері Қазақстандағы тарих ғылымының қалыптасуы мен сатылап дамуына қатысты. Бұлар бойынша мемлекет ғылыми қауымдастыққа көмек көрсетуге дайын, оның ішінде қаржылық көмек көрсетуден бастап, заманауи тарихи білімін жасақтау үшін зерттеу бағытындағы бастаманы да қолдауға әзір», - деді Қ.Әлімғазинов.
Оның айтуына қарағанда бүгінде тарих ғылымы алдында міндеттер тұр, оның ішінде «өткен дәуір адамын түсіне отырып, сол әлеуметтік жады арқылы тарихи үдерістерге түсініктеме беру» де бар.
Тарихшы М.Тәжиннің баяндамасы замануи ғылыми зерттеу әдіснамасына сай Қазақстандағы тарихты зерттеудің жаңа толқынын тудырып, оған серпін беретіндігін айтып өтті.
«Бұл әдіснама Қазақстандағы тарих ғылымының мазмұнын қайта қаруды ұсынады. Ол жаңа идеяларға, замануи зерттеу әдістемесіне, зертту құралын қабылдауға ашық болуы тиіс. Отандық тарихшының творчествосы аралас ғылымдармен байып отыруы керек. Ұлттық тарихнама пән аралық әрі қазіргі ғылымтануджың құралдары мен технологиясымен үйлесе түсуі тиіс», - деп түсіндірді профессор.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 5 маусымында Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.
Мемлекеттік хатшы баяндамасында тарихшыларға нақты тапсырмалар беріп, талқыланған тақырыптың негізгі тұстарын айқындаған болатын.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады