30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанның бірінші нөмірлі ойыншысы 67-орыннан 73-ге сырғыды. Ал басқа қазақстандық теннисшілер WTA рейтингінде өз көрсеткіштерін жақсартты. Галина Воскобоева 82-орыннан бір сатыға, Юлия Путинцева 92-орыннан 90-ға, ал Зарина Дияс 207-орыннан 204-орынға көтерілді.
Қазақстандық теннисші қыздардың бірі - Сесиль Каратанчева бірден 16 орынға жоғарылады. Енді ол 121-орынға тұрақтады. Қазақстандық теннисші Карлсбадтағы WTA турнирінің 1/8 финалына дейін жетіп, онда австралиялық Саманта Стосурға есе жіберген болатын. Нәтижесінде австралиялық спортшы 13-орыннан 11-ге көтерілді.
WTA рейтингінде америкалық Серена Уильямс көш бастап тұр. Ал Беларусь теннисшісі Виктория Азаренко ресейлік Мария Шараповадан басым түсіп, екінші орынға көтерілді. Бірінші ондықта одан өзге өзгерістер жоқ.
52 аптаның қорытындысы бойынша WTA рейтингісі. 5 тамыз:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 11245 ұпай,
2 (3). Виктория Азаренко (Беларусь) - 8805,
3 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 8765,
4 (4). Агнешка Радваньска (Польша) - 6165,
5 (5). Ли На (Қытай) - 5555,
6 (6). Сара Эррани (Италия) - 5100,
7 (7). Петра Квитова (Чехия) - 4385,
8 (8). Марион Бартоли (Франция) - 4365,
9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3920,
10 (10). Каролина Возняцки (Дания) - 3660,
... 73 (67). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 878,
81 (82). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 806,
90 (92). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 723,
121 (137). Сесиль Каратанчева (Қазақастан) - 572,
204 (207). Зарина Дияс (Қазақстан) - 276.
ҚазАқпарат.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды