6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұл жолы Ари-Пекки Селиннің басшылығындағы олардың қарсыласы мұз қожайыны - «Давос» хоккейшілері болды. Бұл өте елеулі клуб, олар Швейцария чемпионатында 30 рет жеңіске жеткен және 15 рет Шпенглер Кубогының жеңімпазы атанған, деп хабарлады Vesti.kz.
Осы ойында алдымен «Давос» есеп ашты, бірақ та «Барыс» бұдан кейін белсендірек қимылдап, алғашқы үзіліске дейін есепті теңестіріп қана қоймай, 2:1 есебімен алға шықты. Шайба авторлары - Алексей Воронцов пен Константин Пушкарев.
Келесі жиырма минутта астаналықтар күш алып Дастин Бойд пен Федор Полищуктің күш салуымен екі шайба салып, «Давостың» голпикерінің еңсесін түсірді. Қорытынды кезеңде клубтар өзара шайба алмасты. «Барыстың» құрамындағы жаңа хоккейші Майк Ландин алғаш рет жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кездесу қорытындысы - 5:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Селиннің басқаруындағы «Барыс» алғашқы матчта питерлік СКА-мен тең түскен болатын.
ҚазАқпарат.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі