Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?Астана қаласының Жол полициясы басқармасы Жол жүру ережелерін бұзғандарды автоматты түрде жазатын фото және бейнекамералардың 7 айдағы жұмысын қорытындылады.
Астана ЖПД хабарламасы бойынша, қала аумағында автоматты режимде 55 фото және бейнекамера жұмыс істейді, оның 49-ы Red speed стационарлық жылдамдық өлшегіш және 6-ы қиылыстардан өту ережелерін бұзғандарды суретке түсіретін «Интегра» жол қозғалысын бақылау жүйесі.
Статистикалық деректерге жүгінсек, әрбір сегіз апаттың біреуі жылдамдықты арттырудың салдарынан болады екен.
2013 жылдың 7 айында Астанада 324 жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның 31-і жылдамдықты арттырудың кесірінен болған. Апаттардың салдарынан 3 адам көз жұмып, 36 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Бұған қоса, бірнеше жылдық сараптамалардан байқағанымыздай, Red Speed стационарлық жылдамдық өлшегіші орнатылған орындарда апат болмаған.
Бүгінгі күні заң бұзғандардың мекен-жайларына 38,5 мың жазбаша өкім жіберілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырығанда 12%-ға артқан. Салынған айыппұлдар 500 млн. теңгеге жеткен, оның 46 пайызы, яғни 225 миллионы бюджетке төленді.
Айыппұлдарды төлету деңгейін арттыру мақсатында Жол полициясы басқармасы заң бұзғандардың мекен-жайына тұрақты түрде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы өкім жіберіліп отырады. Көлік сатылған уақытта оның иесі жол жүру ережесін бұзған-бұзбағаны да тексеріледі.
Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс