6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕліміз бойынша оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Астанада «Мектепке жол» акциясы басталды. Биылғы шараның бұрынғыларға қарағанда сәл өзгешелігі бар.
Себебі, биыл акция аясында тек қана әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары ғана емес, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер де сабаққа қажетті барлық құрал- жабдықтармен қамтылады. Қысқасы, бұл шараның мектепке баратын мыңдаған балаға шарапаты тимекші.
Акция өткізілген 5 жыл ішінде Астана қаласында 17 мыңға жуық бала 149 миллион теңгенің материалдық көмегін алған. Оның ішінде бюджет есебінен 12 мың бала қамтылса, 5 мың оқушы бюджеттен тыс қаражаттан қолдау көрген. Биыл тағы 8 мың балаға 50 миллион теңгедан астам қаржыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар алынады деп жоспарланып отыр.
Астананың орталық алаңында 24 және 30-тамыз күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі. Онда мектеп формасы, кеңсе тауарлары арзандатылған бағамаен сатылады. Ал «Мектепке жол» шарасы 30-тамызға дейін жалғаспақ.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі