6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБритандық Financial Times іскерлік газеті Францияда ұсталған Мұхтар Әблязовты тұтқындау туралы материалды тың деректермен толықтырды.
Әблязовтар отбасылық адвокатының (атын атамауды сұраған) айтуынша, банкирді ұстаған уақытта ол қарындасы Гаухардың жанында болған. Полицейлер Гаухар Әблязоваға тиіспеген, ол 2004 жылы АҚШ-тан саяси баспана алған.
Сонымен қатар, Францияның Марсельдегі аймақтық сот полициясының ресми өкілі қазақстандық олигархтың тұтқындалғаны туралы деректі растады. Оның айтуынша, Әблязов 31 шілде күні Грасс қалашығы маңындағы Муан-Сарту (Mouans-Sartoux) ауылында ұсталған.
Полиция өкілінің айтуынша, Аблязовты экстрадициялау туралы Украинадан сауал түскеннен кейін франциялық құзырлы орындар оны іздеуге кірісті дейді. Ал Аблязовтың адвокаты мұның алдында экстрадициялау туралы сауалды Ресей жолдады деген болатын. Экс-банкир Парижге жеткізілуі мүмкін, соттың оған қатысты қандай шешім шығаратыны әзірге белгісіз, дейді полицей.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі