6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2013 жылдың тамыз айында қырғыз режиссері Нұрлан Әбдіқадыров «Қырғыз – қазақ бір туған» толық метражды комедиясын (орысша нұсқасы – «Той марафоны немесе Бомбамен саяхат») түсіруді қолға алды.
Жобаны «Қырғызфильм» киностудиясы «Қазақфильм» АҚ-мен бірлесіп, түсіріп жатыр. «Фильмді түсіру тамыздың басында басталады. Таяу арада Қазақстаннан Бішкекке техникалық жабдықтар жеткізіледі. Сонымен қатар, басты рөлдерде ойнайтын қазақ актерлері келеді», - дейді Әбдіқадыров.
Оның айтуынша, бұл фильм қырғыз бен қазақ халықтарының мәдениеттерін жақындастырады, сондай-ақ Қырғызстанмен және Қазақстанмен шекаралас жатқан – ұйғырлармен, татарлармен, түріктермен, дүнгендермен бауырластық қарым-қатынасты көрсетеді.
Фильмнің қысқаша желісі мынадай. Ихтиандр есімді алматы университетінің студенті туған жері Ыстықкөлге Диана есімді қалыңдық алып келеді. Жігіттің ата-анасы мен жақын туыстары Алматыға құдалыққа бет алады. Қырғыз құдалар шекарадан заңсыз өтпек болғанда қолға түседі. Шекарашылар осыны пайдаланып, оларды бопсалайды. Соңында ұсталғандар Алматыға дейін мина салынған жәшікті жеткізуге келісіп, шекарашылардан құтылады.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі