15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыНобель сыйлығы лауреаттарының Бүкіләлемдік саммиті 21-23 қазан күндері Варшавада өтеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.
Саммитке әр жылдардағы Нобель сыйлығының иегерлері қатысады. Олардың ішінде Польша экс-президенті Лех Валенса, Тибеттің руһани көшбасшысы Далай-Лама XIV, КСРО-ның бұрынғы бірінші хатшысы Михаил Горбачев, Оңтүстік Африка Республикасының экс-президенті Фредерик де Клерк, Иран құқық қорғаушысы Ширин Эбади, Либерия белсендісі Лейма Гбови, Ирландиядағы «Тату адамдар қоғамының» негізін қалаушылар Бетти Уильямс пен Мейрид Корриган, профессор Мухаммад Юнус бар.
«Бұл – нақты тізім емес. Лауреаттардың арасында әлі қатысатындары туралы мәлімдеме жасап үлгермегендері де бар», деп атап өтті институт өкілі Здислав Вуйчик.
Оның айтуынша, шараның тарихи маңызы өте зор. Нобель сыйлығы лауреаттарының конференциясы Варшавадағы Ғылым және мәдениет сарайының конгресс-залында, жабылу салтанаты Үлкен театрда өтпек.
Baq.kz
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады