6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТергеу болжамы бойынша Питтсбурск университетінің ғалымы өз әйеліне у ішкізген. Бұл туралы РосБизнесКонсалтинг жазады
Ғалымның әйелі Отомн Клейн 17 сәуір күні ауруханаға түсіп, үш күннен кейін жан тапсырды. Оның ағзасынан цианид табылған. Тергеу жұмыстары кезінде әйел ұйықтар алдында ішкен креатин сусынына у қосылғаны белгілі болды.
Аталмыш жағдай бойынша қаза тапқан әйелдің күйеуіне күдік түсті. Р. Ферранте қайғылы оқиғаға дейін 2 күн бұрын цианид сатып алып, несиелік картамен есеп айырысқан. Ол удың сатып алынуын ғылыми мақсаттармен түсіндіргенімен, ғалымның бірде-бір зерттеуіне цианидті қолдану қажетті туындамаған.
Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында келіспеушіліктер орын алғаны анықталды. О. Клейн ақпан айында достарына ажырасатынын айтқан. Күйеуін қызғаныш сезімі тұмшалаған көрінеді. Бұл ғалымды әйелін өлтіруге итермелеудің басты себебі болуы ықтимал.
ҚазАқпарат.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі