Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді

26 Шілде 2013, 08:24

Бейсенбі күні кешке АҚШ президенті Барак Обама  мұсылмандарға ауызашар берді деп жазады "РИА Новости" агенттігі. Ол ауызашарға шақырылған кейбір кісілерді ерекше атап өтті. «Бақытты отбасы» фирмасын құрған Шази Висрамның ата-анасы АҚШ-қа Пәкістан мен Танзаниядан келген болатын. Обаманың айтуынша, бүгінде бұл фирма балаларға арналған органикалық тағамдар шығарудан көшбасшы орында келеді. Мұсылман Ауним Хосайн сүт безі рагін емдеу құрылғысын жасаған. Әкесі Ливиядан келген Ийя Халил биотехнологиялық зерттеулер орталығын құрып, қазіргі уақытта АҚШ-тағы генетикалық зерттеулерден алдыңғы қатарда келеді.  Президенттің сөзіне қарағанда, АҚШ мұсылмандардың құқығы мен олардың бизнес, инновациялық, қоғамдық істерін қолдайды және көмек беруге мүдделі. Обама өз сөзін «Құранды оқығандар ізігілікті көреді және соның жемісін жейді» деп қорытындылады. Бақ.кз

Бейсенбі күні кешке АҚШ президенті Барак Обама  мұсылмандарға ауызашар берді деп жазады "РИА Новости" агенттігі.

Ол ауызашарға шақырылған кейбір кісілерді ерекше атап өтті. «Бақытты отбасы» фирмасын құрған Шази Висрамның ата-анасы АҚШ-қа Пәкістан мен Танзаниядан келген болатын. Обаманың айтуынша, бүгінде бұл фирма балаларға арналған органикалық тағамдар шығарудан көшбасшы орында келеді. Мұсылман Ауним Хосайн сүт безі рагін емдеу құрылғысын жасаған. Әкесі Ливиядан келген Ийя Халил биотехнологиялық зерттеулер орталығын құрып, қазіргі уақытта АҚШ-тағы генетикалық зерттеулерден алдыңғы қатарда келеді. 
Президенттің сөзіне қарағанда, АҚШ мұсылмандардың құқығы мен олардың бизнес, инновациялық, қоғамдық істерін қолдайды және көмек беруге мүдделі. Обама өз сөзін «Құранды оқығандар ізігілікті көреді және соның жемісін жейді» деп қорытындылады.

Бақ.кз

Бөлісу: