6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер84 жастағы Джалма Сантос 1 шілде күні өкпесіне суық тиіп ауруханаға түскеннен үйіне қайтып оралмады. Атақты аяқдоп шеберінің 1948 жылы басталған спорттағы карьерасы 1971 жылға дейін созылды. Клуб деңгейінде ол "Португезы Деспортос", "Палмейраса" және "Атлетико Паранаэнседе" ойнаған.
Бразилия құрамасының намысын футболшы 1952-1968 жылдары қорғаған еді. Ұлттық командамен бірге Сантос төрт рет әлем чемпионатына қатысып, 1958 жылы Швециядағы әлем біріншілігі мен 1962 жылы Чилидегі жарыста жеңіске жетті. Құрама сапында үш рет Америка Кубогының күміс жүлдегері атанды (1953, 1957, 1959 жылдары).
2004 жылы Пеле Сантосты өткен ғасырдың ең үздік ойыншыларының тізіміне енгізген болатын.
bnews.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі