30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСырықпен секіруден Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы және 28 рет әлем рекордын жаңартқан Елена Исинбаева тамыз айында Мәскеуде өтетін әлем біріншілігінен кейін үлкен спортпен қош айтысатындығын мәлімдеді.
"Менің спорттық жолым әлем чемпионатынан кейін толық аяқталады. Мен үшін бұл ностальгия болмақ. Соңғы жарысымда өзімнің бар мүмкіндігімді көрсетуге тырысамын" деді Е.Исинбаева журналистерге берген сұхбатында.
31 жастағы спортшы өзінің бұл шешімін бапкері Евгений Трофимовпен бірнеше рет талқылағандығын да айтып өтті. "Әрине, ол менің спорттан кеткенімді қаламайды, әлі де мүмкіндіктерімнің бар екендігін айтып отыр. Болашағым жайлы болжағым келмейді, Құдайдың дегені болады. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысып, үш дүркін чемпион атанғым-ақ келеді. Алайда, жылдан жылға мүмкіндігімнің азая беретіндігін өзім жақсы білемін. Бәлкім босанғаннан кейін жеңілдейтін шығар. Босанып, үлкен спортқа қайта оралған отандастарым көп. Көпшілігі үлкен жеңістерге жетті" дейді спортшы қыз.
Baq.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды