Құранды дулыға

24 Шілде 2013, 08:28

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жәңгір хан» атындағы тарихи-этнографиялық музей-филиалындағы мына дулыға тарихшылардың назарын өзіне еріксіз аударады. Дулыға - батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыш және садақ оғынан сақтауға арналған бас киім түрі екенін жақсы білеміз. Оны батырларымыз көбінесе көбе сауытпен киген. Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Кейде бетті қорғау үшін маңдайдан темір тілшелер орнатылған. Орта ғасырлардан бастап дулығалар темірден жасалатын болды. Ыңғайлы болу үшін олар көбінесе бірнеше бөліктен құрастырылып, «құрама дуылға» деп те аталады. Ал мына дулыға металдан тұтастай құйылып жасалған. Өзбекстанның Бұқара қаласында тұратын Қадырбай есімді ақсақалдан сатып алынған батырдың бұл бас киімін 2008 жылы Алматылық жеке кәсіпкер Естай Даубаев музей қорына тапсырған болатын. Бұл дулығаның түсі сарғыш-қоңыр, өрнектер салынып, арабша сөздер жазылған. Онда қасиетті Құранның 100- «Адиат» сүресінің аяттарын оқуға болады. Онда: Бисмилләһир Рахманир Рахиим (1) уәлъадийәти дабхә (2) фәлмуурийәти қадхә (3) фәлмуғиирәти субхә (4) фәәс̃әрнә биһи нәқъа (5) фәуәсәтнә биһи жәмъа (6) иннәл инсәнә лираббиһи ләкәнууд (7) уәиннәһу ъалә з̃әликә ләшәһиид (8) уәиннәһу лихуббил хайри ләшәдиид (9) әфәлә йәъләму из̃ә буъс̃ирә мә фиил қубуур Қазақша аудармасы. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1) Қатты ентігіп, шапқан,  (2) (Тұяғынан) от шығарған,  (3) Таң сәріден шабуыл жасаған,  (4) Тозаңдатып, шаңдатқан;  (5) Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт.  (6) Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.  (7) Өйткені ол, өзі де оған куә.  (8) Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді.  (9) Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде. Дулығаның ұзақ уақыт бойы тұтынылғаны байқалады, бояуы кетіңкіреп, ішкі жағы тот басқан.  Дулығаға жазылған араб сөздері тектен-текке жазылмай, батырларға рух берсе керек. Оған ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлар, дастандар, эпостардан батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болғаны дәлел.  Міне, осындай жәдігерлерді тану арқылы келешек ұрпақ елін, туған мекенін сырт жаудан қорғаған ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын ұғады. Материал БҚО тарихи өлкетану музейінің ақпараты бойынша дайындалды. Фотосурет музей қорынан алынған. Әзірлеген Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жәңгір хан» атындағы тарихи-этнографиялық музей-филиалындағы мына дулыға тарихшылардың назарын өзіне еріксіз аударады.

Дулыға - батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыш және садақ оғынан сақтауға арналған бас киім түрі екенін жақсы білеміз. Оны батырларымыз көбінесе көбе сауытпен киген. Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Кейде бетті қорғау үшін маңдайдан темір тілшелер орнатылған. Орта ғасырлардан бастап дулығалар темірден жасалатын болды. Ыңғайлы болу үшін олар көбінесе бірнеше бөліктен құрастырылып, «құрама дуылға» деп те аталады. Ал мына дулыға металдан тұтастай құйылып жасалған. Өзбекстанның Бұқара қаласында тұратын Қадырбай есімді ақсақалдан сатып алынған батырдың бұл бас киімін 2008 жылы Алматылық жеке кәсіпкер Естай Даубаев музей қорына тапсырған болатын.
Бұл дулығаның түсі сарғыш-қоңыр, өрнектер салынып, арабша сөздер жазылған. Онда қасиетті Құранның 100- «Адиат» сүресінің аяттарын оқуға болады.
Онда: Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) уәлъадийәти дабхә
(2) фәлмуурийәти қадхә
(3) фәлмуғиирәти субхә
(4) фәәс̃әрнә биһи нәқъа
(5) фәуәсәтнә биһи жәмъа
(6) иннәл инсәнә лираббиһи ләкәнууд
(7) уәиннәһу ъалә з̃әликә ләшәһиид
(8) уәиннәһу лихуббил хайри ләшәдиид
(9) әфәлә йәъләму из̃ә буъс̃ирә мә фиил қубуур
Қазақша аудармасы.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) Қатты ентігіп, шапқан, 
(2) (Тұяғынан) от шығарған, 
(3) Таң сәріден шабуыл жасаған, 
(4) Тозаңдатып, шаңдатқан; 
(5) Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт. 
(6) Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді. 
(7) Өйткені ол, өзі де оған куә. 
(8) Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. 
(9) Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде.
Дулығаның ұзақ уақыт бойы тұтынылғаны байқалады, бояуы кетіңкіреп, ішкі жағы тот басқан. 
Дулығаға жазылған араб сөздері тектен-текке жазылмай, батырларға рух берсе керек. Оған ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлар, дастандар, эпостардан батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болғаны дәлел. 
Міне, осындай жәдігерлерді тану арқылы келешек ұрпақ елін, туған мекенін сырт жаудан қорғаған ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын ұғады.

Материал БҚО тарихи өлкетану музейінің ақпараты бойынша дайындалды. Фотосурет музей қорынан алынған.

Әзірлеген Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бөлісу: