6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖаңа оқу жылы таяп келеді. Мектептер өз мүмкіндіктерінше білім ошақтарын даярлауда. Осы ретте оқушылардың мектеп формасы, оқулығы, асхана мәселесінің көтерілуі орынды мәселе.
Атырау облысының Сәлима есімді тұрғыны жоғарыдағы мәселені көтеріп, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті басшылығының блогына хат жолдаған. Ол өз хатында: «Мектептерде кітаптар жетіспейді. Барлық ата-аналардың сатып алуға шамалары келмейді. Көршілес Маңғыстау облысында оқушыларды кітаппен қоса тамақпен және мектеп формасымен қамтамасыз етеді. Неліктен бізде бұлар қарастырылмаған?» депті.
Аталған сауалға департамент басшысы Алпамыс Гилымов: «Мектептерде ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары тегін кітаппен қамтылуға тиісті. Егер кітаптар артық қалған жағдайда барлық балаларға үлестіріледі. Жетпеген оқулықтарды ата-аналар сатып алады.
Келесі оқу жылынан бастап бюджеттен қаражат қаралған жағдайда мектеп оқушыларын түгел тегін оқулықтармен қамту жоспарлануда» деп жауап берген.
baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі