15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгін Қарағандыда Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарындағы «Шахтер» және «БАТЭ» арасындағы екінші матч өтеді.
«Олимп» букмекерлік кеңсесінің болжамы бойынша, бұл кездесуде фаворит БАТЭ көрінеді. Ойынға берілген коэффициенттер мынадай: «Шахтердің» жеңісі – 4.35, теңде-тең – 3.45, «БАТЭ»-нің жеңісі – 1.8. Айта кету керек, «Шахтер» келесі раундқа өтуі үшін белорусиялық командаға жеңілмеуі керек. Ал БАТЭ-ге тек жеңіс керек. Егер ойын теңде-тең аяқталар болса, онда қосымша уақыт беріледі не пенальти белгіленеді.
Матч Астана уақыты бойынша 19:30-да өтеді, KazSport телеарнасы ойынды тікелей эфирден көрсетеді.
Естеріңізге саламыз, 16 шілде күні Борисов қаласында өткен кездесуде қарағандылық команда 1:0 есебімен жеңген болатын. Ойындағы жалғыз голды шабуылшы Сергей Хижниченко салды.
baq.kz
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады