6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана туралы ең үздік видеолардың топтамасында елорда тұрғыны Анар Иманбаева екінші орынды, маңғытаулық Ерболат Тынышпай деген азамат үшінші орынды иеленген.
Бүгін «Kaztube» порталы Астана туралы ең үздік видео түсіріп, оны аталмыш порталға жүктеген жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды BNеws.kz тілшісі.
«Астана арманымның қаласы» атты атаумен жаряланған байқауға 16 адам қатысқан. Олардың әрқайсысы қала туралы шағын «фильм» түсіруге тырысқан. Қазылар алқасы барлық қатысушылар арасынан Астана қаласындағы 38-ші орта мектептің 7-сынып оқушысы Бекасыл Қаражанның жұмысын ең үздік деп таныған.
«Бұл жарысқа қатысу үшін талаптанып, іздендім. Қаламыздың ең әдемі жерлерін басты кадрларға шығардым», - дейді жеңімпаз.
Астана туралы ең үздік видеолардың топтамасында елорда тұрғыны Анар Иманбаева екінші орынды, маңғытаулық Ерболат Тынышпай деген азамат үшінші орынды иеленген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі