6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласының тұрғындары көбейген сайын әлеуметтік инфрақұрылым тапшылығы байқалады. Мәселені оңынан шешу үшін қала әкімдігі жұмыстар жүргізуде. Соның айғағы, таяу орада Астанада бірнеше мектеп пен балабақша ашылмақ. Бұл туралы қала тұрғындарының сауалына өз блогы арқылы жауап беру кезінде Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Бимендина Әсима Темкеқызы мәлімдеген.
Басқарма бастығының блогына сауал жолдаған Айнұр есімді тұрғын: « Астана қаласы немесе жақын мекендерде 2013-2014 жаңа оқу жылында жаңадан қолданысқа білім ошақтары беріле ме? Мекен-жайын толық берсеңіздер?» депті.
Айнұрдың бұл сауалына Ә. Бимендина: «Ағымдағы жылы 3500 орынға арналған 3 мектеп ашу жоспаралған, оның ішінде Железнодорожный кентінде 1100 орынға арналған мектеп, № 19 көшесінде -1200 және жобаланған «Батығай» тұрғын алабында 1200 орынға арналған мектеп ашылады.
Сонымен қатар, 5 балабақша: 188 көшесінде, Дауылпаз көшесінде, № 19 көшенің онтүстігіне қарай, Интернациональн ый кентінде, Көктал-2 кентінде ашылу жоспарланған» деп жауап беріпті.
Басқарма бастығының Айнұрға берген жауабы қала тұрғындары үшін де жағымды жаңалық болары сөзсіз.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі