6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерХалықаралық валюта қоры әлемдегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін 1944 жылы 22 шілдеде құрылған болатын.
Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ –да арнайы мекеме мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілде аралығында өткен Бреттон-Вуде (АҚШ) қаласында өткізілген конференцияда 29 ел Келісімі бойынша құрылды. Қызметін 1945 жылғы 27 желтоқсаннан бастап жүзеге асыра бастады. Әлемнің 110 елінде шамамен 2600 қызметкері бар. Қазіргі уақытта 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады.
Қордың ресми мақсаты — валюта-қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәрдемдесу. Қордың активтері, көбінесе қатысушы мемлекеттердің жарналары (үлестері) есебінен құралады.
Халықаралық валюта қорында ресми деректерге қарағанда 2013 жылдың ақпан айында Қазақстанның халықаралық қоры 0,8 пайызға өсіп, 86,2 млрд долларды құрады.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі