6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИспандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызметіне басты кандидат атанып отыр, деп хабарлайды Sport.es.
2013 жылдың маусымында испандық «Сельтаға» басшылық етуге келген 43-жастағы Энрике клубпен екі жылға келісімшарт жасасқан еді. Енді каталондықтар Энрикені шақырту үшін «Сельтаға» үш миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Атап өту керек, 2008-2011 жылдары Энрике «Барселона» жастар командасына, кейіннен италияндық «Ромаға» басшылық жасады.
Сонымен қатар, бұл орынға үміткерлер қатарында Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм»), Микаэль Лаудруп («Суонси»), Роналд Куман («Фейеноорд») және Эрнесто Вальверде («Атлетик») бар.
Естеріңізге салайық, «Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы 44-жастағы Тито Виланова денсаулығының нашарлауына байланысты қызметінен кеткен болатын.
bnews.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі