30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыGoogle компаниясы кеше өзінің тоқсандық табысын жария етті. Agence France-Presse хабарлағандай, үш айда компания 14,11 миллиард доллар көлемінде табыс тапқан. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық.
Осынау мол қаражаттың 55 пайызын америкалық компания өзге елдерден жинаған. Енді 14 миллиардтың 3,23 миллиард доллары Google-дің таза өз пайдасы ретінде компания қазынасында қалатын болады.
Компанияның негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж биылғы жылдың өсімін жақсылыққа балап отыр. Оның айтуынша, ақпараттық технологияның жылдам дамуы үлкен мүмкіндіктерді туғызады. Ал, Google болса осыны пайдалана отырып, адамзаттың өмірін жақсартуға бар күшін жұмсайды дейді ол.
Дегенмен, сарапшылар Google-дің табысын "біз күткендей болған жоқ" деп отыр. Олардың жоспары бойынша табыс көлемі бұдан біршама жоғары болуы тиіс еді. Соның салдарынан Google-дің NASDAQ-тағы акциялары 4 пайызға төмендеп кетті.
Baq.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды